9.04.2025, 0:00
Оқылды: 160

Казталов ауданы: Жұлдыз ауылында Қатеш қажының ұрпақтары 200 дана терек көшеттерін отырғызды

Бүгін  Казталов ауданының Қарасу ауылдық округіне қарасты Жұлдыз ауылында өз заманында есімі еліміздің Батыс өңіріне кеңінен танылған Қатеш қажы ақсақалдың бүгінгі ұрпақтары арқалы аталарының дүниеге келгеніне 150 жыл толу құрметіне орай алда өтетін үлкен шаралардың бастамасы ретінде ұрпақтарының тамыры жайылған Жұлдыз ауылына 200 (екі жүз) түп терек көшеттерін отырғызды.

photo-output

- Өз кезегінде атақ-даңқы еліміздің Батыс өңіріне кеңінен тараған туған атамыз Қатеш қажы 1875 жылы Жұлдыз ауылында дүниеге келген екен. Үлкен емшілік қасиетімен ауыл-елге танылып, мешіт ұстап, молда болған арқалы атамыз Меккеге де сапар шегіп қажы атанған. Діни сауаты мол ақсақал өн бойына біткен қасиет-киесімен талай жанға ем-дом жасап, елдің шынайы алғысына бөленген. Ол кісі жайында ауылдың үлкендері айтқан жақсы-жақсы естелік-әңгімелері өте көп. Жан-жақты қасиетімен ауыл-елдің құрметіне бөлене білген Қатеш атамыздың есімі молдалығымен, емшілігімен қалың елге кеңінен таралып, 1964 жылы 89 жасында өмірден өтті.
Мен, Қатеш атамның ең кенже немересімін. Менен кейінгі ұрпақтары атама шөбере болып саналады. Атамыз өмірінің соңына дейін туған жерінен қол үзбей, осы жерде жерленді. Сондықтан атақ-даңқы өңір аймағына кеңінен танылған арқалы ақсақалдың ұрпағы ретінде біздер алдағы маусым айында туған жеріміз Жұлдыз ауылында үлкен ас бермекшіміз. Бүгінгі терек көшеттерін отырғызу шарасы атамызға арнап берілетін үлкен астың алғашқы бастамасы деп қабыл алсаңыздар да болады. Атамыздың үлкен асында көптеген айтулы шаралардың куәсі бола аласыздар, - дейді, бізбен болған қысқа әңгіме барысында Қатеш қажының кенже немересі, өңірге танымал журналист Ақболат Қатешов.

photo-output
Өзгеге үлгі болар, үлкен бастама баянды болсын, бауырлар!

Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале