2.08.2024, 21:07
Оқылды: 274

Казталов ауданына қарасты Қайыңды ауылында маңызды жобалар жүзеге асып жатыр

Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов Қайыңды ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Казталов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

IMG-20240802-WA0177

Аудан басшысы мәдениет үйінің және тұрғын үй құрылысының жұмыстары, «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, Казталов бағытына қатынайтын қалқымалы көпірді қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.

IMG-20240802-WA0178

2024 жыл – Қайыңды ауылдық округі үшін жемісті жылдардың бірі болды. Округте жаңа мәдениет ошағы бой көтеріп, баспаналардың құрылысы басталды. Сонымен қатар республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, Қайыңды ауылындағы 7 көшеге, жалпы ұзындығы 5 шақырым 445 метрді құрайтын жолды жөндеу жұмысына мердігер анықталды.

Мердігер — «Нұр Құрылыс – 80» ЖШС. Бұдан бөлек көктемгі су тасқыны кезінде Казталов-Қайыңды-Болашақ бағытына қатынау үшін Қараөзен арқылы өтетін қалқымалы көпір сеңнің көптігі салдарынан үзілген болатын. Қазіргі уақытта аталған көпірді «Уральская Судостроительная Судоремонтная Судоходная Компания» ЖШС-ның мамандары жөндеп жатыр.

IMG-20240802-WA0184

Округте мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы да біріздендірілген. Соның ішінде «Ауыл аманаты» бағдарламасының игілігін көріп отырған азаматтар да бар.

IMG-20240802-WA0183

— Мен 1995 жылдан бері қалада тұрып, әртүрлі салада еңбек еттім. Қазір «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы несие алып, ауылда қой шаруашылығымен айналысудамын. Қазіргі уақытта 172 бас қойым бар. Бағдарламаның игілігі мол деп сеніммен айта аламын, - деді ауыл тұрғыны Талғат Қисметов.

IMG-20240802-WA0179 IMG-20240802-WA0181 IMG-20240802-WA0182

Аудан әкімі жұмыс сапары барысында округте бой көтерген кәсіпкерлік нысандарымен, қайта жөнделген шағын футбол алаңының жұмысымен танысты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале