Бұл туралы Казталов ауданы әкімі Рүстем Зулкашев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты.

- Казталов ауданында тұрғын үй кезегінде 506 адам тұр. Өткен жылы құны 127 млн. теңгеге Жалпақтал ауылында екі қабатты 12 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріліп, 12 отбасы баспаналы болды.
Жалпы құны 53 млн. теңгеге Жалпақтал ауылындағы 12 пәтерлік 2 қабатты үш тұрғын үйге абаттандыру жұмысы жүргізілді.
Жер кезегінде тұрған адамдарға тұрғын үй салу үшін бюджеттен 54 млн. теңге қаржы жұмсалып, Жалпақтал ауылында 61 жер теліміне инженерлік-коммуникациялық желілер жүргізіліп, нәтижесінде жер кезегі толықтай жабылды, - деді аудан әкімі.
Ауданда былтыр 6 515 шаршы метр жерге 48 жеке тұрғын үй салынған. Ал «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Жалпақтал және Казталов ауылдарында 4 көп пәтерлі 2 қабатты тұрғын үй қайта жаңғыртудан өткен.
- Биыл Казталов ауылында 2 қабатты 12 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 24 отбасы баспаналы болмақ.
Ауданымызда тұрғын үй құрылысы жалғасады. Бүгінгі таңда Казталов және Жалпақтал ауылдарында 2 қабатты 36 пәтерлі тұрғын үй салуға жобалар жасақталуда, - деді Р.Зулкашев.
zhaikpress.kz