9.08.2025, 15:00
Оқылды: 396

Казталов ауданында «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты дөңгелек үстел өтті

Жалпақтал мәдениет үйі қызметкерінің ұйымдастыруымен ауылдық кітапханада Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты дөңгелек үстел өтті.

IMG_8459

Аталмыш шара барысында жалпақталдық ақын Қыдыр Харесұлы сөз алып, хәкім Абайға арнап жазған өзінің арнау өлеңін оқып берсе, барлық қатысушылар қосылып Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» әндерін нақышына келтіріп орындады. Одан кейін кезек алған Мәдениет үйінің қызметкері Әлішер Ерболат Абайдың қара сөздерін терең талқылап, шара қонақтарына кеңінен түсінік берсе, Жалпақтал ауылының кітапханашысы Әсем Мұхамбетқалиева Абайдың шығармасына арнап қысқаша баяндама жасады.

IMG_8469

Кеш өте тартымды өтіп, мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен аудандық байқау жеңімпазы Гауһар Төлегенова, Ғинаят Молдашев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Зере Серіковалар Абай өлеңдерін жатқа оқыды.

Қыдыр Қарабала, 

Казталов ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале