16.05.2025, 0:00
Оқылды: 169

Казталов ауданында ардагер ұстаздар білім ошақтарын аралады

15 мамыр күні облысымыздың әр ауданында еселі еңбек етіп, зейнетке шыққан ардагер ұстаздарды Казталов аудандық білім беру бөлімі құрмет көрсетіп, ақ дәммен, бауырсақпен қарсы алды. Осындай ілтипатқа риза болған ардагер ұстаздар шексіз алғысын білдірді.

image-15-05-25-11-51

Қарсылауға әдістемелік кабинет меңгерушісі Райгүл Айболатқызы, тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Жазира Жангелдіқызы, Казталов балалар музыка мектебінің директоры Жадыра Жұмабайқызы, Алма Оразбаева ат.ОЖББ мектеп директоры Марал Тулекенова құрметпен қарсылады. Одан әрі ардагер ұстаздар Казталов мектеп-лицейінде болып, білім ошағының тыныс-тіршілігімен танысты. Казталов мектеп-лицейі 2021-2022 жылдары күрделі жөндеуден өтіп, аудандық білім беру бөлімінің қолдауымен заманауи құрылғылармен жабдықталды. Қажырлы еңбек атқарған ұлағатты ұстаздарды мектеп директоры Нұрлан Хайрушев қарсылап, қонақтарға ұжым құрамын таныстырып, заманауи құрылғылармен жабдықталған кабинеттерді таныстырды. Атап айтатын болсақ, «Үздіктер тақтасы», «Қазақстан халқы» қорының атынан жабдықталған шаштараз, шаш үлгісін жасау, дыбыс жазу, ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған кабинет, қыздар мен ұлдарға арналған технология кабинеттері мен мектеп түлектерінің қолдауымен ашылған «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығын аралатты.
Мектептің тыныс-тіршілігімен танысқан мәртебелі меймандар қолға алған түрлі жобалармен танысып, ұстаздарға шығармашылық табыс тіледі.

Гүлнұр Сәуірғалиқызы
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале