1.05.2025, 17:00
Оқылды: 823

Казталов ауданында «Asan»-ның кубогы басталды

Мереке күні Казталов ауданы орталығындағы спорт кешенінде жерлесіміз, ауданымыздың спорт саласының дамуына үлес қосқан, санаулы ғұмырын спортқа арнаған марқұм Асан Бижановты еске алуға арналған футзалдан облыстық ашық турнир өтуде.

IMG_6132Аталмыш доданы марқұм Асан Исатайұлының құрдастары ұйымдастырып, аудандық спорт бөлімі, «Айбын» спорт клубы қолдау білдіруде.

Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған Казталов ауданы әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев барша жарысқа қатысушыларды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, сәттілік тіледі. Сондай-ақ сөз сөйлеген аудандық мәслихат депутаты, Асанның құрдасы Дулат Рахматуллин жарыстың өтуіне қолдау білдірген барша жандарға алғыс білдірсе, спортшының ағасы Асылбек Бижанов, ел ағасы, спорт жанашыры Махамбет Тайгаренов марқұм туралы естеліктерімен бөлісті.

IMG_6145
Облыстық турнирге футзалдан халықаралық жарыстарға төрешілік жүргізіп жүрген төрешілер тобы қатысуда. Байрақты бәсекеде Атырау облысының Шортанбай командасы, Сырым ауданының және Қособа ауылының, көршілес Бәйтерек, Тасқала, Бөкей Орда, Жаңақала, Жәнібек, Ақжайық, аудандарының, ауданымыздың Казталов, Жалпақтал, Бостандық ауылдарының командалары өз бақтарын сынауда. жарыс екі күнге созылмақ.

Нұр Рахман,

Казталов аудааны

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале