20.03.2020, 17:29
Оқылды: 35

Казталов ауданында азық-түлік бағасы бақылауда


Азық-түлік бағасының қымбаттауына жол бермеу, бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар күнтізбеден түскен емес. Осы ретте Казталовта бағаны тұрақтандыру бойынша құрылған штаб күнбе-күн  әлеуметтік маңызы бар тағамдар сататын дүкендерге мониторинг жүргізу үстінде.

42C80D4F-4CC0-45EF-A718-BE68E7E4F3BB

Бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету сараптама тобының мүшесі Рүстем Зұлқашевтің айтуынша:

- Жалпы, азық-түлік бағасының өсу процесі жалғыз аудан бойынша ғана емес, республика көлемінде жүріп жатқан үдеріс. Сондықтан да сабырлылық танытқанымыз жөн. Әлбетте, дүкен иелеріне азық-түлік құнын негізсіз қымбаттатуға болмайтынын ескертіп, бақылауға алып отырмыз. Дәл қазіргі таңда аудан орталығындағы «Азамат», «Перекресток», «Барс», «Әдемі» дүкендеріндегі 5 тоннаның үстінде астықты халық тұтынып отыр. «Абылай», «Дәулет», «Барс» дүкендерінің жүк көліктері қалада. Алдағы күні аталған дүкендерге тауарлар келетін болады. Халық көп тұтынатын азық-түліктерді басты назарда ұстаймыз, - деді.

Штаб мүшелерінің кәсіпкерлермен байланыста болуының нәтижесінде баға тұрақтылығы сақталуда. «Көппен көрген ұлы той» демекші, күткеннің қайыры бар, олай болса, ағайын, бұл сынаққа да түсіністікпен қарайық.

Аудан әкімдігі жанынан арнайы штаб жұмыс істейтінін, баға тұрақсыздығына қатысты қандай да болсын фактілер анықталып жатса, хабарласуға болатынын көпшіліктің қаперіне саламыз.

Жұлдыз Асқар

Казталов ауданы       

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале