5.03.2024, 23:00
Оқылды: 77

Казталов ауданында байланыс жақсармақ

Бүгін БҚО цифрлық технологиялар басқарма басшысы Нұрсұлтан Нұрланұлы Казталов ауданына іссапармен келіп, аудан активтерімен кездесу жиынын өткізді.

image-05-03-24-07-40

Жиынға аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникация комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясының басшысы Айвар Төреғалиұлы Сұлташев, «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік сату орталығының директоры Арман  Жексенғалиұлы Досмағанбетов, «Кселл» АҚ Жалға алу жөніндегі аға маман Альберт Абатұлы Қошан, аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрсұлтан Каримоллаұлы Серік, аудандық мәслихат төрағасы Сәрсенбай Мендіжанұлы Молдашев, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Қадер Қадырәліұлы Нұрғалиев және аудандық мекеме, бөлім басшылары, округ әкімдері (онлайн режимде), мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, «Қазақтелеком» филиалы, байланыс өкілдері қатысты.

- Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың ақпан айындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді айқындайтын 10 бағыттан тұратын даму жоспарын атап өткен болатын. Соның тоғызыншы бағытында цифрландыру мәселесін, жасанды интелекетіні пайдалану, экономика, білім, медицина және өзге де бағыттарда цифрлық өзгеріс жасау керектігін,  заманның ағымынан қалмау, цифрлық технологияны неғұрлым жедел әрі тиімді пайдалансақ, даму қарқынымыз да соғұрлым табысты болмақ, - деп атап өткен болатын.

Бұл жұмыстарды орындауда алғашқы қадамдардың бірі, жергілікті  ауылдық жерлерді сапалы интернет пен мобильды байланыспен қамту, - деді аудан әкімі Асланбек Сарқұлов.

Күні бүгін ауданымыз бойынша 15 елді мекен 4G мобильді интернетпен, 14 елді мекенде 3G мобильді интернет, 15 елді мекенде 2G мобильді интернетпен қамтылған. 14 елді мекенде талшықты-оптикалық байланыс желілері орнатылды. 8 елді мекенде кабельдік интернет (ADSL) бар, 6 елді мекенде спутниктік байланысы бар. Дегенменде әлі де болса байланыс сапасы нашарлығы, мобильды интернет жылдамдығы мәселелері бар.

Мәселен ұялы байланыссыз және мобильді интернетсыз 4 елді мекен – Бейстерек (143 адам), Кішіталдықұдық (65 адам), Саралжын (91 адам), Хайруш (85 адам).

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі халқы 250 адамнан аз елді мекендерді мобильді интернетпен қамтамасыз ету жол картасына Казталов ауданы бойынша 13 елді мекен енгізілді (Кішкенталдықұдық, Еламан, Саралжын, Еңбек, Қонысбай, Ащысай, Бостандық, Ордабай, Бестерек, Қайшақұдық, Қособа, Хайруш, Мереке).

БҚО цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нұрсұлтан Нұрланұлы:

- Жалпы цифрлық технологиялық басқармасы – ең жас басқармалардың бірі. Казталов ауданында 47 елді мекен бар. 2023 жылы Жаңажол, Бостандық, Әжібай, Қараоба, Қошанкөл, Жалпақтал, Талдыапан ауылдарына жаңадан базалық станция салып қойған болатын, мобилизация жасалынады. 2024 жылы “Кселл” байланыс операторлары облыс әкімдік және министрлікпен жасалынған «Жол картасы» аясында Әбіш, Нұрсай және Қарасу ауылдарына байланыс сапасын жақсартатын болады. Сонымен қатар «Қазақтелеком» компаниясы атынан облыстың барлық аудан орталықтарына талшықты-оптикалық байланысы әр өңірде енгізілетін болады. Қазір «Билайн» компаниясымен жұмыстанып жатырмыз, - деді өз сөзінде.

2

Республикалық өңірлерде қазір цифрлық министрлікпен «Қол жетімді интернет» ұлттық жобасы биыл іске қосылатын болады. Осы ұлттық жоба аясында Казталов ауданында 33 ауылға талшықты-оптикалық байланысы желісі жеткізілетін болады. Айта кететін жәйт, 2024 жылы талшықты-оптикалық байланысы Болашақ, Қараөзен, Бейстерек, Талдыапан, Сарықұдық, Әбіш ауылдарына келсе, 2025 жылы Көпкүтір, Жаңатаң, Сатыбалды, Жас ауылдарына, 2026 жылы Саралжын, Еңбек, Қонысбай, Ащысай, Бостандық, Ордабай, Беспішен, Ащықұдық, Оразғали, Қаракөл ауылдарына, 2027 жылы Хайруш, Саралжын ауылдарына келеді. Талшықты-оптикалық байланыс жергілікті бизнес өкілдеріне жақсы мүмкіндік әкеледі. Себебі бағдарлама аясында мемлекет тарапынан оптикалық желіні пайдалану кезінде жергілікті бір кәсіпкер кіші байланыс оператор ретінде жұмыс жасай алады. Сонымен қатар «Қол жетімді интернет» жобасы аясында республикалық және облыстық автокөлік жолдарын мобильдендіру қолға алынып жатыр. Казталов ауданында Бейстерек және Жаңажол ауылдарында 60, 40 мертлік бағаналар салу жоспарланып отыр.

Жиын барысында округ әкімдерінің интернет желісінің шамалы ұстауы және генератор мәселесіне байланысты қойған сауалдарына БҚО цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нұрсұлтан Нұрланұлы тұщымды жауап берді.

Жиын одан әрі БҚО цифрлық технологиялар басқарма басшысы Нұрсұлтан Нұрланұлы, ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникация комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясының басшысы Айвар Төреғалиұлы Сұлташев, «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік сату орталығының директоры Арман  Жексенғалиұлы Досмағанбетов, «Кселл» АҚ Жалға алу жөніндегі аға маман Альберт Абатұлы Қошанның жеке қабылдауымен жалғасты.

Жеке қабылдауда ұялы байланыстардың жарық өшіп қалған кезде үзіліп кетуі, интернеттің жұмыс жасамай қалуы және аккумулятор мәселелеріне қатысты округ әкімдерінің сұрақтары болды.

Қордаланған мәселелердің жүйелі шешімін табу мақсатында Нұрсұлтан Нұрлан округ әкімдерінің көтерген мәселелері бойынша түсінік беріп, өтініш-талаптарды жан-жақты қарастыратындықтарын айтты.

Гүлнұр Сәуірғалиқызы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале