25.02.2026, 18:00
Оқылды: 40

Казталов ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Казталов ауданы орталығындағы орталық базар алаңында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында аудан орталығында жұмыссыз азаматтарға қолдау көрсету, кәсіптік бағыт-бағдар беру мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. 

20260225_103605

Аталған шара “Мансап” орталығы және Жастар ресурстық орталығының бастамасымен ұйымдастырылуда. Жәрмеңкеге мемлекеттік мекемелер мен жекеменшік ұйымдар, жеке қожалықтар, кәсіпкерлер және жұмыс беруші субъектілер қатысты. Шара барысында жұмыссыздар мен жұмыс іздеуші азаматтарға түрлі саладағы 10 бос жұмыс орны ұсынылды.

Жәрмеңке алаңында жұмыс берушілер өз кәсіптерінің талаптары мен мүмкіндіктерін таныстырып, сұхбат жүргізді. Сонымен қатар, қатысушыларға қайта даярлау курстары, «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісім шарты» жобалары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шараға келген жұмыссыз азаматтар ұсынылған бос жұмыс орындарымен танысып, түйіндемелерін қалдырды.

Жәрмеңкеге келген азаматтар өздеріне қажетті бағыттар бойынша ақпарат алып, кейбірі бірден әңгімелесуден өтіп, жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды. Шара барысында бірқатар жастар мен көпбалалы аналар, жұмыссыз жүрген азаматтар тіркеуге алынды, тұрақты жұмыспен 6 адам тұрақты жұмысқа жолданды.

20260225_102558

Тұрғындарды еңбекке ынталандыру, кәсіби бағдар беру және өңірдегі жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатындағы алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале