5.05.2024, 16:00
Оқылды: 70

Казталов ауданында далалық оқу-жаттығу өтті

Казталов аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен және Казталов ауданы әкімдігінің қолдауымен аудан орталығында алғашқы әскери дайындық пәні бойынша білім алып жатқан аудандағы жалпы орта білім беру мектептерінің 10 сынып оқушылары арасында 5 күндік далалық оқу-жаттығуы басталды.

IMG20240504113448

Оқу-жаттығудың ашылу салтанатына сөз алған аудандық білім бөлімінің алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі пәндерінің әдіскері Нұрлан Нұрғалиев осы далалық әскери дайындық жаттығуларының пайдасы туралы айта келіп, оқушыларға сәттілік тіледі.

Соымен қатар салтанатты шараға қатысқан аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы, подполковник Біржан Баймұханов оқушылардың әскери дайындығын тексеріп, өзінің әскери тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеңестер айтты.

Бұл далалық оқу-жаттығуына ауданның 20 мектебінен 150 оқушы қатысуда. Бес күн ішінде оқушылар мектепте оқыған бағдарлама аясында тактикалық дайындық, саптық дайындық, ішкі тәртіптік жарғылар, топографиялық дайындықтан өтеді. Мұнымен қоса аудан орталығындағы қорғаныс бөлімінің, шекара заставасының жұмыстарымен және қару-жарақтармен танысып, спорттық шаралармен қамтылатын болады.

IMG20240504114403

Осы оқу-жаттығуына тікелей жауапты аудандық білім аудандық білім бөлімінің алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі пәндерінің әдіскері Нұрлан Нұрғалиевті әңгімеге тарттық.

- Қазақстан Республикасы «Әскери қызмет және әскери қызметкерлердің мәртебесі туралы» заңның 10-бабы,  3-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Респуликасы Қорғаныс Министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі №347 бұйрығы, Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2024 жылдың 12 сәуірдегі №486 және Казталов аудандық білім бөлімінің 2024 жылдың 22 сәуіріндегі №165 бұйрықтарын орындау мақсатында 3-7 мамыр аралығында далалық оқу-жаттығу өтуде.

IMG20240504114427

Әр азамат елін, жерін ішкі, сыртқы жаулардан қай кезде болмасын, қорғауға дайын болуы тиіс. Тек әскери мамандықтың иелері ғана емес, сонымен қатар басқа да мамандық иелері, әр пән мұғалімдері балалардың отансүйгіш, патриот жан етіп өсуіне өзіндік үлестерін қосуы керек.

Осыған орай оқу-жаттығу барысында оқушыларға Отанды қорғау және бойларынан патриотизм қасиеттерінің оянуына түрткі болып, оқу жылында алған білімдері сынға түседі. Әскери өмірдің дәмін татады, - деді Нұрлан Мақсотұлы.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале