Казталов ауданы орталығындағы “Достық” саябағында 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай «Ауыл LIFE» жобасы аясында ерекше форматтағы концерттік бағдарламасы өтті.

Шараның басты мақсаты – ауыл жастарының белсенділігін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жастар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, жастардың шығармашылық әлеуетін ашу, сонымен қатар оларды белсенді қоғамдық өмірге тарту.
Халықаралық жастао күні аясында бастау алған “Ауыл LIFE” жобасы жастардың танымы мен тағылымын арттырып қана қоймай, өркениет пен руханиятты тоғыстыратын ерекше алаңға айналды. Айта кету керек, бұл керемет жоба - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, “Zaman” жастар қоғамдық бірлестігі және Казталов ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен жүзеге асып отыр. Жобаның нақты мақсаты - жастарды ауылдың шынайы өмірімен таныстыру, ұлттық салт-дәстүр мен еңбекке баулу, ауыл мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін дәріптеу, сондай-ақ қала мен ауыл жастары арасында өзара тәжірибе алмасуға жағдай жасау.
Қалада өскен жастар ауыл өмірінің күнделікті тұрмыс-тіршілігін сезініп, екі күн бойы түрлі бағыттағы шеберлік сағаттарына қатысып, ауданымыздың айрықша атмосферасын сезінеді. Жоба арқылы жастарға туған жердің қадірін ұғындыру, еңбекке деген құрметті арттыру және құндылықтарымызды насихаттау.
Берік Қайырша “Қайшыдағы креатив” шеберлік сағаты, Әдемі Жарасованың “Біздің әлем” атты SMM бағытындағы қызықты workshop, Даражаь Хапарованың “Балаларымызды бүгіннен дамытайық” тақырыбында логопед-дефектология бағытында тренинг өткізіп, жастардың қызығушылығын оятты.
Кеш барысында жастарға арналған концерттік бағдарлама ұсынылды. Бағдарламада қонақтар мен жергілікті өнерпаздар мен жас таланттар өз өнерлерін ортаға салды. Әуелете шырқаған әсем әндері мен әзілдері көрермендердің көңілін көтеріп, мерекелік атмосфераны жандандыра түсті.

«Ауыл LIFE» жобасы жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, олардың қоғамдағы рөлін арттыруға және ұлттық мәдениетті насихаттауға бағытталған маңызды бастама болып табылады. Достық саябағында өткен бұл мерекелік шара жастардың бірлігін, ынтымағын және белсенділігін айқын көрсетті.
Гүлнұр Бөлешова,
Казталов ауданы