16 наурыз күні БҚО төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Жасұлан Жұмашев, департаменттің өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Асхат Сұлтанғалиев Казталов ауданында жұмыс сапарымен болды. Жұмыс сапары барысында аудан әкімі Альберт Есалиевтің төрағалығымен жиын өткізілді. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.
Арнайы ұйымдастырылған жиынның күн тәртібінде көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары және өрт кезіндегі қауіпсіздік шаралары жөнінде мәселелер қаралды. Күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ерген Тасқалиевтің баяндамасы тыңдалды. Бандамаға қатысты кейбір деректер мен атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Жасұлан Жұмашевтың сауалдары талқыланып, сараланды. Баяндама негізінде туындаған сұрақтар шеңберінде тиісті жұмыстар қолға алынатындығы айтылды.
Жиын барысында ауданымыздағы №11 өрт сөндіру бөлімі ғимаратының ескіргендігі жөнінде депутаттардың көтерген мәселесі де назарға алынып, Казталов аудандық мәслихатының депутаты Қайрат Жақыповтың депутаттық сауалының жобасы тыңдалды. Депутаттық сауалға Жасұлан Қыдырғожаұлы тиісті жауабын беріп, бұл мәселенің назарда екендігін тілге тиек ете отырып,№11 өрт сөндіру бөліміне ғимарат салу алдағы жылдар жоспарында екенін атап өтті. Сонымен қатар жиыннан кейін Жасұлан Қыдырқожаұлы №11 өрт сөндіру бөліміне барып, ғимараттың жай-күйімен танысты.
Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz