Казталов ауданында тазалық айлығы басталып, жаппай сенбілік жүруде. Сенбілікке аудандағы барлық мекеме-ұйымдардың ұжымдары шығып, мекеме ғимараттарының айналасына тазарту жұмыстарын жүргізді.
Айта кету керек, сенбілік барлық ауылдық округтерде де жүргізілуде.
Сенбілік кезінде ынтымақтық танытып, бір адамдай қимылдап жұмыс жасаған ұжымдар да бар.
Олардың қатарында аудандық №1 аурухана ұжымының белсенділік танытып аурухананың айналасын қыздың жасауындай тиянақты жинап шыққанына куә болдық.
- Аудан орталығындағы кәсіпкерлік субъектілері мен жеке секторлардың айналасы қыстан қалған қалдықтар мен қоқысқа толы. Кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары осыны ескеріп, тазарту жұмыстарын жүргізсе, - дейді округ әкімі Арман Ғалымов.
Тазалық айлығы алдағы уақытта жалғасын табады.
"Ауыл айнасы", Казталов ауданы