27.02.2021, 22:40
Оқылды: 5

Казталов ауданында "Күміс шабақ - 2021" қысқы балық аулау жарысы өтті

Бүгін Сарыөзен өзені бойында аудандық "Айбын" спорт клубы мен аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен аудан тұрғындары арасында "Күміс шабақ - 2021" қысқы балық аулау жарысы өтті.

IMG-20210227-WA0014
Айта кету керек, бұл жарыс жылма-жыл ұйымдастырылып, әуесқой балықшылардың біліктілігі мен тәжірибесін сынап, аудан тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттайды.

Биылғы жарысқа 20-дан астам балықшы қатысып, бақтарын сынады. Жарысқа қысқы балық аулауға арналған құрал-саймандарын дайындап, сақадай-сай келген балықшылардың қармақтарын негізінен алабұға балығы қапты. Жарыс ережесіне сай қысқы балық аулау сайысында ойық ойып, балансирмен ғана балық аулауға рұқсат етілген.

IMG-20210227-WA0018

Екі жарым сағатқа созылған сайыс нәтижесінде "Жас балықшы" аталымына Ислам Тасболат, "Ардагер балықшы" аталымына Володия Молдағалиев ие болса, "Ең бірінші балық" аталымымен Руслан Букушев марапатталды. Ал жарыста бақтары шапқан Амангелді Сариев 3 орынға, Зердібек Омаров 2 орынға ие болды. Жүлделі 1 орынды Роллан Бөрекешев жеңіп алды. Ролланың қармағына бірден 2 келілік шортан іліккен болатын. Жарыстың "Ең үлкен балық" аталымы да Ролланға бұйырды.

IMG-20210227-WA0017

Жеңімпаздарды марапаттау салтанатында сөз алған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ернар Ғалымов балықшыларды жеңістерімен құттықтап, аудан тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын насихаттаудың пайдасына тоқталып өтті.

Барлық жеңімпаздарға естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Жүлделі орын алған балықшылар жарыстың арнайы кубоктары және медальдарын иеленді.

IMG-20210227-WA0016

IMG-20210227-WA0015

IMG-20210227-WA0019

Қайрат Жақып,
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале