3.04.2025, 9:15
Оқылды: 201

Казталов ауданында мектеп түлектері ауылға сый тартуын жасады

Казталов ауданы, Жаңажол ауылдық округіне қарасты Көмекші ауылында сол кездегі 8 жылдық мектептің түлектері атанған 1963 жылы туған ауыл перзенттері туған ауылының кіреберіс маңдайына «Көмекші ауылы» атты жарықдиотты жол белгісін орнатты.

IMG-20250402-WA0010

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында жүзеге асқан 47 жылдық түлектер тартуы шарасында сөз алған Жаңажол ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Нұрбек Қаймашев ауыл мектебі түлектерінің өз қаражаттарымен орнатқан жарықдиотты тарту сыйларына риза болып, көмекшілік жерлестері атынан түлектерге шынайы алғысын жеткізді.
Сол күні алақандай туған жеріне үлкен махаббатын арнай білген ауыл перзенттері «өлі риза болмай, тірі байымайды» қағидатына сәйкес өмірден озған аяулы ұстаздары Бабасов Рамазан, Шакирова Роза, Құлмұқанбетов  Сүлеймен, Шангереев Сисенғали, Есенов Ихсан, Оразаева Роза, Тоқсанбаева Мағия және қайтыс болған сыныптастары Батыров Талап, Шұқалова Насиха, Дүйсенбаева Тұрсынай, Шангереева Шолпан, Жандыбаева Нұрсұлу, Рахимова Ақмаралдың есімдерін атап тұрып, олардың рухтарына құран оқып, арнайы ас берді.

IMG-20250403-WA0003
Осылайша ауыл-елдің ақ батасын алған мектеп түлектерінің қайталанбас тарту сыйы Көмекші ауылының кіреберіс жолына ерекше сән беріп, жолаушыларға жағымды  әсер сыйлауда.
Елінің болшағына алаңдайтын ұлтжанды ұл-қыздары бар Көмекші ауылы алда да жаңарып, жақсара берсін!

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале