Бүгін аудан орталығында «Бақытты отбасы – еліміздің әл-ауқаты мен өркендеуінің негізі» атты отбасы форумы өтіп жатыр. Халықаралық отбасы күніне орай ұйымдастырылған форумның секциялық отырыстары басталды.
Форумға қатысушылар мен спикерлер «Отбасы – мейірімділік ошағы», «Дәстүрді дәріптеу – отбасындағы тәрбиенің негізі», «Мінез-құлық мәдениеті – адамгершіліктің ажырамас бөлігі» тақырыптарындағы секциялық отырыстарда отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, бала тәрбиесі, отбасының қоғамдағы рөлі мәселелерін кеңінен талқылауда.
Форумда «Отбасы – мейірімділік ошағы» секциясында Аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Күнсұлу Шакенаева, ұстаз Гүлнұр Зейінқызы, «Дәстүрді дәріптеу – отбасындағы тәрбиенің негізі» секциясында модератор, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Әбішева, Қошанкөл ауылдық округінің бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Меңдіхан Халықұлы, «Тоғжан» ҚБ төрайымы Алтын Ақбаева, «Асыл әжелер» ансамблінің жетекшісі Гүлбану Шынтемірова, «Мінез-құлық мәдениеті – адамгершіліктің ажырамас бөлігі» секциясында Бостандық жалпы орта білім беретін мектебінің психологы Гүлжиян Сапиқызы, Казталов аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Нұрберген Жағыпаров, аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Марлен Қарабаев және Казталов аудандық ауруханасының психологы Ғалия Ахметова форум қатысушыларына өз пікірлерімен бөлісуде.
Форумның пленарлық отырысы 14:30-ға жоспарланған.
Асылбек Нәсіпқалиұлы,
Казталов ауданы