9.11.2024, 11:00
Оқылды: 103

Казталов ауданында өткен сессия отырысында маңызды мәселелер талқыланды 

Кеше Казталов аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХІІ сессиясы өтті. Сессияға аудандық мәслихат төрағасы Сәрсенбай Молдашев төрағалық жасап, сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Айдар Менеев, аудандық мәслихат депутаттары, салалық бөлім басшылары қатысты.

image-08-11-24-09-07-2

Сессияда Қазақстан Республикасының мәслихатының 30 жыл толуына орай Сенат төрағасының алғысхатымен Дархан Аябалиев марапатталды.

image-08-11-24-09-07

Кезектен тыс сессияның күн тәртібінде Казталов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №11-1 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы және Казталов ауданының 2025-2027 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму бағдарламасын бекіту туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінін басшысы міндетін уақытша атқарушы Айнұр Бақтығалиқызының баяндамасы тыңдалып, депутаттардың талқылауына салынды.

image-08-11-24-09-07-1

Сессияда мал азығы, жол және су мәселелері, ауылдық округтердің бюджеттеріне қатысты депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды.

Сессия соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша депутаттар дауысқа салып, бірауыздан шешім кабылдады.

Гүлнұр Бөлешова 

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале