Казталов ауданындағы Сарыөзен мен Қараөзен өзендеріне Ресейден тасқын су молынан келіп жатыр. Әсіресе Қараөзен бойында орналасқан елді мекендерге қауіп басым.
Аудан орталығында сақтық шаралары күшейтіліп, су шайып кетуі мүмкін жолдардың бойы, көпір астары бекітілуде. Жалпы ауданға тасқын судын алдын алу жұмыстарына облыстан 12 арнайы техника көмекке келген.
Аудан орталығындағы жұмыстарға мекеме ұжымдары тартылып, қапшықтарға топырақ қаптап, бекіту жұмыстарын белсене атқарып жатыр.
Аталмыш жұмыстарға аудан тұрғындары да атсалысса артық болмайды. Тілсіз жау төнсе, күш біріктіргеніміз жөн.
Қайрат Жақып,
Казталов ауданы