24.09.2025, 12:15
Оқылды: 399

Казталов ауданында тағылымды шара өтті

Казталов ауданында Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Ана тілі – ұлттың ұлы қазынасы, Мәңгілік елдің рухани тұғыры» атты салтанатты шара өтті.

Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, тіл – ел бірлігінің басты тірегі екенін атап өтті. Ол өз сөзінде тіл саясатын жүзеге асыруда еңбек етіп жүрген сала мамандары мен мекеме өкілдеріне алғыс білдірді.

image-24-09-25-10-37-2

Мерекелік жиында облыстық және аудандық деңгейдегі марапаттар табысталды.

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысының алғысхаты облыстық «Батагөй қариялар» байқауының жеңімпазы Исмағұл Мусинға, Казталов халық театрының режиссері Данагүл Жұмабаеваға, сондай-ақ аудан әкімі орынбасарының алғыс хаты Жалпақтал ауылдық мәдениет үйінің бөлім жетекшісі Бейбіт Уразовқа, Ақпәтер ЖОББМ мұғалімі Балия Жұмағазиеваға, А.Байтұрсынұлы атындағы МБК мұғалімі Анаргүл Мұхтароваға, Бірік ЖОББМ мұғалімі Нұргүл Мажекероваға, Жаңатаң НОМ мұғалімі Ақмарал Омароваға, Көктерек ЖОББМ мұғалімі Гүлназ Аксисеноваға, Талдықұдық ауылы, С. Есетов атындағы МБК мұғалімі Арайлым Ихласоваға табысталды.

image-24-09-25-10-37-5

Салтанатты шара барысында “AMANAT” партиясы Казталов аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ернар Ильясов тіл саясатын дамыту мен насихаттауға қосқан үлестері үшін бірқатар азаматтарға партия атынан алғыс білдіріп, Окссна Сомикке, Надежда Нагимоваға, Баймұрат Касумовқа, Гаяз Мазгутовқа алғысхат табыстады.

image-24-09-25-10-37-3

Шара барысында аудандағы мәдениет және білім саласының қызметкерлері, өнерпаздар мен оқушылар ана тілі туралы жырлар оқып, рухты көтеретін әндер шырқады. Сондай-ақ сахнадағы ұлттық нақыштағы билер мен көріністер көрермен көңілінен шықты.

 

Мейірім Парасат,

Казталов ауданы

image-24-09-25-10-37-1

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале