1.11.2025, 0:00
Оқылды: 69

Казталов ауданында «Халық заңгері» акциясы өтті

Бүгін Казталов және Жалпақтал ауылдарында «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы өтті. Шараға заң саласының тәжірибелі мамандары, адвокаттар, прокуратура, полиция және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, тұрғындармен тікелей жүздесті.

IMG-20251031-WA0064

Акцияның негізгі мақсаты халыққа тегін құқықтық қолдау көрсетіп, азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсінуіне жағдай жасау. Кездесу барысында тұрғындар әлеуметтік төлемдер, алимент, зейнетақы т.б мәселелер бойынша сауалдарын қойып, кәсіби кеңес алды.

Шара ауыл тұрғындары үшін өте пайдалы болды, себебі көптеген азаматтар өздерін толғандырған мәселелердің нақты шешу жолдарын біліп, құқықтық сауаттылығын арттырды.

«Халық заңгері» акциясы алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Мұндай кездесулер тұрғындар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы ашық диалогты нығайтып, азаматтарға қолжетімді құқықтық көмек көрсетуді көздейді.

Жұлдыз Асқар
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале