30.04.2025, 22:00
Оқылды: 411

Казталов ауданында жас мергендердің сайысы өтті

Жалпақтал аграрлық және салалалық технологиялар колледжінің базасында 7 мамыр Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 33 жыл, 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне 80 жыл және Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жылуына арналған «Жас мерген» атты әскери-патриоттық шара оздырылды.

IMG_6382

Шараға Қараөзен, Жаңажол, Ғинаят Молдашев және  Кенжебек Меңдәлиев атындағы жалпы орта білім беретін мектептері мен Жалпақтал колледжі командалары қатысты.

IMG_6384
Алаш жұрты еліміз қастерлейтін Ұлы Жеңісті, сол жеңісті жақындату жолында жанын пида еткен Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованы мәңгілік естен шығармай Қазақстан қарулы күштерінің даму жолында жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруді нығайта беретін болады.
Бүгінгі шараға қатысушылар соғыс даласында қаза тапқан жауынгерлердің ерліктеріне бас иіп, бір сәттік үнсіздікпен еске алғаннан кейін колледж директоры Жасұлан Ғұмаров «Жас мерген» әскери патриоттық жарысқа қатысушы мектеп оқушыларына сәтті болсын айтып, Отанын қорғай білетін нағыз азамат болып өсе беріңдер деген ақжарма тілегін жолдады.

IMG_6358
«Жас-мерген» әскери патриоттық жарысында жоғары нәтиже көрсеткен төмендегі оқушылар бүгінгі жарыстың жеңімпазы мен жүлдегерлерінің қатарын толықтырды.

Командалық жарыста Ғинаят Молдашев атындағы ЖОББ мектебі — І орын, Кенжебек Меңдәлиев атындағы ЖОББ мектебі — ІІ орын, ал Жаңажол ЖОББ мектебі — ІІІ орын иеленді.

Ұлдар арасында:

Сатқали Сұңғат — І орын (Молдашев мектебі)
Иманғали Ислам — ІІ орын (Меңдәлиев мектебі)
Қайрат Қайсар — ІІІ орын (Жалпақтал колледжі)

Қыздар арасында:

Хамза Дария — І орын (Меңдәлиев мектебі)
Серікқалиқызы Айкүн — ІІ орын (Молдашев мектебі)
Еркінбайқызы Наргиза — ІІІ орын (Жаңажол мектебі)
Мерекелік жүлделер құтты болсын, жас мергендер!

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале