5.03.2022, 18:38
Оқылды: 12

Казталов ауданының әкімі ақ жаулықты аналармен кездесті

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Казталов ауданының әкімі Альберт Есалиев түрлі салада еңбек етіп, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген азаматтар мен азаматшалардың аналарымен кездесті.

08FA33AF-4A7A-48A2-8E5D-8CBF2E417169

Аудандық орталық кітапханада өткен кездесуден бірер минут бұрын «Жетістікке жеткен Қосөзен аурулары» атты журналдың тұсауы кесілді. Ауданішілік «Кәсіпкерлер жылы» аясында бірқатар жобалар жүзеге асып, нәзік жандылар да кәсіп тізгінін ұстаған болатын. Олардың еңбегі еленіп, ғұмыр дерегі мен кәсіпкерлік жолындағы естеліктері жазылған арнайы аудандық журнал жарық көрді. Журналды аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова көпшілікке таныстырып, журналдың екінші санының жарық көретіндігін атап өтті. Алғашқы санына 29 нәзік жанды енген. Аудан әкімі Альберт Есалиев пен Көктерек ауылының тұрғыны, «Алтын алқа» иегері, көпбалалы ана Рысқаным Бисенғалиева журналдың тұсауын кесті.

Жинақтың тұсаукесер рәсімі өткен соң аудан әкімі мәжіліс залында ақ жаулықты аналармен кездесті. Кездесу барысында ақ жаулықты аналарымыз аудан басшылығына ризашылықтарын білдірді. Ауданымызға белгілі меценат Нұрлыбай Жолдыбаевтың анасы Ғазиза Закарқызы өзінің алғысын жеткізіп, нәзік жандыларды мерекемен құттықтады.

14FAD8B3-3F6E-49A6-8CBD-EFB39874E5D0

– Құрметті кездесудің себепкерлері сіздерді Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Адам баласының басты байлықтарының бірі бауыр еті баласы. Бүгін сол ұрпағымыздың еңбегін елеп, анасын құрметтеп төріне отырғызған аудан басшылығына алғысым шексіз. «Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық - ақ жаулық, үшінші байлық - он саулық» дейді халқымыз. Қазіргі таңда еңбектеніп, мал бағып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық саласына өз үлесімізді қосудамыз. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дегендей, осы еңбектің арқасында балаларымыз халыққа қалаулы, еліне елеулі болып қызмет жасап жатыр. Наурыз айы Алланың нұры жауған ай дегім келеді. Себебі осы айда қазақ халқының ғана емес, күллі әлем атап өтетұғын мерекелер де бар. Соның бірі, Халықаралық әйелдер күні. Барша нәзік жандыларды, аналарды, сіңлілерімізді, келіндерді, қыздарымызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтап, дендеріне саулық, болашақтарының жарқын болуын тілеймін, - деп мерекелік гүл шоғын Бақыт Уахитқызына табыстады.

580B5348-FB8F-494D-B4A2-114796B5B2CC

Кездесу жиынында аудан әкімі ақ жаулықты аналарымызды құттықтап, еліміздің қалаулы азаматтарын тәрбиелегені үшін алғысын білдіріп, гүл шоқтары мен естелік сыйлықтарын табыстады.

– Ауданымыз кейбір салалар бойынша облысымызда жетекші орында келеді. Бұл азаматтарымыз бен азаматшаларымыздың ерен еңбегінің жемісі. Дегенмен, «Алып та анадан туады, батыр да анадан туады» дегендей, олардың бүгінгі жетістігі тар құрсағын кеңейтіп, өмірге әкеліп, ақ сүт беріп өсіріп, тәрбие берген мына сіздердің арқаларыңызда. Сондықтан, сіздерге алғысым шексіз. Ел ертеңін ойлар, ұлт болашағын тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз ерен. Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!, - деді аудан әкімі.

BB00B64A-9BB9-44F6-A3B4-CC96429B60DD

Мерекелік шарада көпбалалы аналар Бақыт БазартаеваРысқаным Бисенғалиева және ауданымыздың білім беру саласында еңбек еткен Салтанат Есниязова өздерінің тілектерін жеткізді. Ауданымызға белгілі мәдениет саласының майталмандары мерекелік шараны әсем әнмен әрледі.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале