31.07.2024, 23:06
Оқылды: 194

Казталов ауданының әкімі Ержан Максимді қабылдады

Бүгін аудан әкімі Асланбек Сарқұлов белгілі әнші, жерлесіміз Ержан Максимді қабылдады. Аудан әкімі жас әншіні өнердегі бағындырған белестерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Бұл туралы Казталов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

макс

— Сіздің өнердегі жеткен жетістіктеріңіз баршаға белгілі. Сіз дара дауысыңыз бен орындаушылық шеберлігіңіз арқылы ән әлемінің әдемі иірімдерін өнерсүйер қауымға жеткізіп, ұлт мәдениетінің қарыштауына үлесіңізді қосып келесіз. Өнерде, ән әлемінде өзіндік орыныңыз, қолтаңбаңыз бар. Сіздің туған жерге деген сағынышыңыз, туған өлкеге деген құрметіңізге аудан жұртшылығы дән риза. Біз сіздей перзенттерімізбен мақтанамыз. Деніңізге саулық, шығармашылығыңызға толағай табыстар тілеймін! Өнер биігінде қанатыңыз талмай, қырандай қалықтай беріңіз!, - деді аудан әкімі.

Ержан Максимнің ата-анасы Ербол Нұғманов және Гүлмира Әлібек аудан халқына ыстық ықыласы мен кеңпейілділігі үшін ризашылықтарын білдірді.

— Менің туған өлкем — Әбіш ауылы. Ауданымызға келіп, туған өлкенің топырағын басқанымызға қуаныштымыз. Ержан — халықтың баласы. Біздің жетістігіміздің артында халқымыздың, туған ауылымыздың да үміті, сенімі тұрғанын сеземіз. «Елдің баласы» деп құрмет көрсетіп жатқандарыңыз үшін алғысымыз шексіз, - деді Ербол Максимұлы.

Аудан әкімі Ержан Максимді арнайы алғыс хатпен және естелік сыйлықпен марапаттады. Сонымер қатар «Абай» шаруа қожалығының жетекшісі Серік Жұмабаев аудан халқы атынан белгілі әншіге тұлпар мінгізіп, құрмет көрсетті.

максим

Ержан Максим ауданымыздың Казталов және Жалпақтал ауылдарында «Туған өлкем» атты шығармашылық кешін өткізді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале