14.09.2023, 17:15
Оқылды: 53

Казталов ауданының әкімі Ниетқабыловтар жанұясын құттықтады

Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық байқауының лауреаты Ниетқабыловтар отбасының шаңырағында болып, мерейлі жетістіктерімен құттықтап, алғысхатпен марапаттады.

3BA500D8-B219-4C9E-9955-FC26A6264C74

Әулеттің шаңырағында өткен марапаттау рәсіміне аудандық мәслихат төрағасы Сәрсенбай Молдашев, аудандық мәслихат депутаты Дархан Аябалиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Әбішева қатысты.

Аудан әкімімен өткен кездесуде отбасы мүшелері өз әсерлерімен бөлісіп, маңызы зор байқауға қатысуға қолдау көрсеткен жандарға алғыстарын айтты.

2212DB18-E06B-46A4-8CB8-20E61BAF7884

– Шыны керек, кәсіп пен нәсіп деп, бала шағаның қамы деп облыс орталығынан әрі аспаппыз. Елордамыз Астана қаласына отбасы мүшелерінің барлығы алғаш рет бардық. Оның үстіне ел астанасына ауданның, облысымыздың үмітін арқалап бардық. «Қазақконцерт» залында «Ниетқабыловтар отбасы» деп хабарлағанда қуанышымызда шек болмай, кеудемізді мақтаныш сезімі кернеді. Өйткені, біз тек отбасымыздың емес, Сарықұдық ауылының, Казталов ауданының, қала берді облысымыздың атын республикаға паш еттік. Ұлттық байқауға қатысуымызға себепші болған жарыма, қолдау көрсеткен атқарушы билік өкілдеріне, ауыл азаматтарына, қоғамдық ұйымдарға алғысымыз шексіз! Елімізде ұлттық құндылығымыз бен мәдениетімізді асқақтатып, отбасы институтының артуына ықпал етер осындай байқаулар жалғасын таба берсін, - деді Дулат Ниетқабылов.

C5ECE346-FD9A-48AB-8DE1-4B99C5DCE90D

Айта кетейік, Ниетқабыловтар отбасы аудан намысын қорғап, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының лауреаты атанып отырған төртінші отбасы.

Асылбек Нәсіпқалиұлы

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале