28.06.2024, 12:15
Оқылды: 60

Казталов ауданының әкімі редакция ұжымын құттықтады

28 маусым – БАҚ өкілдерінің мерекесіне орай Казталов ауданы әкімдігі және аудандық ішкі саясат бөлімінің «Ауыл айнасы» газеті редакциясы ұжымын табиғат аясында қабылдады.
F936F052-A71A-474B-AD5E-FD62E5CD0F7D
Ашық аспан астында өткен мерекелік шарада Асланбек Сарқұлов редакция ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, естелік сыйлықтар табыстады.
Мерекеге орай жайылған дастархан барысында сала ардагерлері естеліктерімен бөлісіп, жас буынға шығармашылық табыс тіледі. Кеш барысында баянмен шырқалған әуендер көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
84D76752-43C5-444A-AD06-E85A333D7C0C
Ерекше форматта, табиғат аясында ұйымдастырылған мерекелік шарада викториналық сұрақтар қойылып, қызықты ойындар ұйымдастырылды. Табиғаты жасыл желекпен көмкерілген өзен жағасында естелік суреттерге түсіп, риясыз ризашылықпен тарқасты.
Гүлнұр Бөлешова
Казталов ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале