30.03.2024, 15:00
Оқылды: 60

Казталов ауылындағы орталықтандырылған суды ауыз су ретінде тұтынуға тыйым салынды

Казталов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы хабарлауынша, 2024 жылдың 26 наурыздағы № 49/1 санды Казталов ауылының тұрғындарын, мекемелерін ауыз сумен қамтамасыз ететін Лекер көлінде орналасқан 1 көтергіш станциясындағы ұңғымасына еріген қар суы араласқаны туралы Казталов аудандық коммуналдық кәсіпорны мекемесінен хабар түскен.

жп вода (2)
27 наурыз күні Казталов ауылында орналасқан құбыр суы және су тарату жүйлерінен алынған ауыз су сынамалары «ҰСО»ШЖҚ РМК БҚО бойынша филиалының Казталов аудандық бөлімшесінің санитариялық-химиялық және микробиологиялық зертханаларына жеткізілген.

Ауыз су сынамаларының зерттеу қорытындысы бойынша ауыз су ретінде пайдалануға жарамсыз екендігі анықталды.

Осыған байланысты Казталов ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері 2024 жылдың 29 наурызындағы №2 санды қауылысына сәйкес, Казталов ауылындағы орталықтандырылған суды ауыз су ретінде тұтынуға тыйым салынды.

Қазіргі уақытта ауыз судың уақытша жарамсыз болуына байланысты, аудандық коммуналдық кәсіпорны мекемесі Тереңкөл ауылынан таза ауыз су тасымалын ұйымдастырып, ауыл көшелерін аралап, тұрғындарға таратып жатыр

«Ауыл айнасынан»

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале