24.05.2019, 17:49
Оқылды: 45

Қазталов мектебінің 10 жыл бұрынғы түлектері жалғызбасты әкеге көмектесті

Қазталов ауданының Қазталов мектебін 10 жыл бұрын бітірген түлектер 7 баланы жалғыз өсіріп отырған әкенің үйіне газ кіргізіп берді.

qaztalov gaz (2)

Асқар таудай әке жазда отын жинап, қыста ошақ жақты. «Ауыл айнасы» газетінде де, әлеуметтік желіде де 7 баланың әкесі Жасұлан Есенғалиев жөнінде біраз жаздық. Балалары үшін өмір сүрген әкенің ісі көпшілікке үлгі.

-Үйдегі бір жұмыстан қолым босады. Балаларымның қуанышында шек жоқ. Бұрын жұмыстан ертерек келіп, балалардың түскі асын бергенде ошаққа, плиткаға тамақ пісіргенде ұзақ күтетінбіз. Енді бәрі жылдам. Отбасымызбен жұмысқа да, сабаққа да үлгіретін болдық. Аллаға мың да бір шүкір! Түлектердің рамазан айындағы игі істерін Алла сауапқа жазсын. Әріптестеріме, аудандық газ мекемесіне ризашылығым шексіз, -деді бізбен қуанышымен бөліскен Жаслан Есенғалиев.

Иә, түлектер мерейлі күні дүркіретіп той-тойлаудан бас тартып, ұрпаққа үлгі көрсетті.

Жұлдыз Асқар,

Қазталов ауданы,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале