Батыстай кең жазық даласында.
Берекелі Казталов ауылында.
Мектеп бар «Лицей» дейтін өлкемізде,
Арналған алғыр, зерек баласына

Иә, жас мамандар мен тың идеялар тоғысқан КМЛ әу бастан-ақ үздіктердің үздігі-тұғын. Бүгінде жақсылықтың жаршысы болған лицей шабыт пен шығармашылықтың, білім мен бәсекенің, тәрбие мен талаптың ордасына айналып отыр. Бұнда білім берген ұлағатты ұстаз да, білім алған талантты шәкірт те білім ұясын әркезде де мақтан етпек.
Қай жағынан болмасын ауданымыздағы мектептерден алдыңғы қатардан көзге көрініп, көпшіліктің ең үздік мектебіне айналған КМЛ-дің үздік екеніне тағы бір көзіміз жетті.
Алғыс та, ілтипат пен ықылас та сонауу министрліктен жетті. Казталов мектеп-лицейі Республика бойынша ең үздік 100, облыс бойынша 5 ең үздік мектептердің қатарына енді. ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың КМЛ-ға берген ең үздік, жоғарғы бағасы.
Әп бәрекелді! Бұл алғыстың артында Казталов мектеп-лицейінің директоры Нұрлан Әділбекұлы бастаған 71 педагог пен 592 оқушының еңбегі, сондай-ақ КМЛ-дың ата-аналарының қолдауы жатыр.
Жарайсың, үздіктердің үздігі КМЛ!
Жұлдыз Асқар
Казталов ауданы