7.06.2024, 18:00
Оқылды: 135

Казталовта ауыл шаруашылығы саласының ардагері 80 жасқа толды

Бүгін Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов ауыл шаруашылығы саласының ардагері Қазбек Ғазизовты мерейлі 80 жасқа толуына орай қабылдады.

B1025D7B-572A-4381-AE05-2EE03AF97D8C

Қабылдауда Асланбек Ахметоллаұлы еңбек ардагерін туған күнімен аудан халқы атынан құттықтап, ауыл шаруашылығы саласына қосқан үлесін атап өтіп, иығына шапан жапты. Сонымен бірге аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Мұқанғали Бектілеуде Қазбек Ғазизұлын мерейлі жасымен құттықтап, алғысхат ұсынды.

Қабылдауда сөз сөйлеген Қазбек ақсақал аудан басшысының қабылдауына ризашылығын білдіріп, елдің амандығын тіледі.

Қазбек Ғазизұлы 1944 жылы Казталов ауданы Бостандық ауылында дүниеге келген.

1956 жылы Бостандық орта мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1957-1963 жылдары ауыл шаруашылығы саласында бастаған.

1963-1966 жылдары Совет армиясы қатарында болған.

1967-1978 жылдары аралығында Бостандық қой кеңшарында әр түрлі салада қызмет атқарған.

1978-1985 жылдары аралығында Бостандық ауылдық жұмысшылар кооперативінде авто дүкенші болып жасаған.

1985-1988 жылдар аралығында кооператив төрағасының қызметін атқарған.

1988-1993 жылдар аралығында Бостандық қой кеңшарының егіс бригадасында бригадир қызметін атқарған.

1993-1997 жылдар аралығында Бостандық қой кеңшарының орталық қоймасының меңгерушісі қызметін атқарған.

1997 жылы «Нұрбек» шаруа қожалығын құрып, күні бүгінге жетекшілік жасап келеді.

Ауыл шаруашылық саласындағы еңбегі ескеріліп, 1963 жылы қазақстандық жас шопандар слетінде «Үздік шопан» төсбелгісімен марапатталған.

1957 жылдан басталған еңбегі елеусіз қалмай үкімет органдары тарапынан алған төсбелгілерімен  және бірнеше мақтау грамоталарымен марапаталған.

2021 жылы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы саласының ардегері» төсбелгісін кеудесіне таққан.

Облыс, аудан әкімдері тарапынан алғысхаттармен марапатталған.

Қазбек ақсақал қоғамдық жұмыстарға белесе араласады.

Жалпы ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласының дамуы үшін тер төгіп, әлеуметтік осал топқа қайырымдылық жасап келеді. Әлі күнге дейін аттан түспей, өзі құрған шаруашылықта ақылшы болып жүр.

Қайрат Жақып

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале