14.06.2025, 10:00
Оқылды: 128

Казталовта әкелер күніне арналған тағылымды іс-шара өтті

Қазақ халқында «Жеті атасын білмеген - жетесіз» деген қанатты сөз бар. Бұл – ата-бабамыздың тегін тануға, шыққан жерін ұмытпауға, ұрпақ сабақтастығына деген терең көзкарасының дәлелі. Ата-бабамыз шежірені білмеу ұлттық санамыздан, рухани тамырдан ажырау түсініп келген.

Ұлт тарихын сөйлетіп, ата-баба мұрасын бүгінгі ұрпаққа жеткізу – кез келгеннің қолынан келе бермейтін игі іс.

photo-output

С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығында маусым айының үшінші жексенбісі әкелер күніне орайластыра шежіреші, өлкентанушы Мұратбек Жахатовпен «Жеті атасын білмеген жетесіз» атты тағылымы мол шара өтті.
Халқымыз жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрін берік ұстанған. Өйткені рухани тазалықтың белгісі деп түсінген. Бүгінде кейбір жастарымыздың жеті атасын білмей, өзінің туысқанымен отбасын құрып жатқандарында кездестіріп жатамыз.
Шежірені зерттеу бағытында елеулі еңбек атқарып жүрген өлкетанушы, шежіресі Мұратбек Каспиұлы жас ұрпаққа жеті атасын білудің маңызды екенін насихаттап жүр. Ол бірнеше жылдар бойы түрлі ауылдарды, елді-мекендерді аралап, шежіре құрастырып, тарихын жинақтап келеді.
Тағылымы мол шарада туыстық қатынасты сақтап, жақындармен қыз алыспау, жеті атасын білу – ұрпақ парызы екендігі туралы ой-пікірлер айтылып, ұсыныстар жасалды.

image-13-06-25-05-09
Ұмыт бола бастаған рухани құндылықтарымызды қайта жаңғыртуда Мұратбек Жахатовтың еңбегі зор.
Кеш соңында «Акниет» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қанатқали Қалиолла шежіреші Мұратбек Каспиұлына ризашылығын білдіріп, иығына жапан жауып, алғысхат табыстады.
Өз тегін білмеген адам тұтас ұлттың тарихын, шежіресін танудан мақұрым болады. Ұрпақ жетесіз болмау үшін, атадан қалған шежірені, тарихты ұмытпау – әр қазақтың парызы!

Мейірім Парасат
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале