30.10.2018, 11:02
Оқылды: 53

Қазталовта әлеуметтік сала қызметкерлерінің мейрамы тойланды

Қазан айының соңғы жексенбісі Елбасының Жарлығына сәйкес, әлеуметтік сала қызметкерлерінің мерекесі күні болып бекітілген.
Қазталов ауданында әлеуметтік қызмет көрсету саласында 200-ден аса қызметкер жұмыс атқаруда. Аудан орталығында әлеуметтік сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара өтті.

IMG_0010

         - Әлеуметтік қызметкер – белгілі бір көмекке мұқтаж адамдарға демеу болар адам ғана емес, ол қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік саясатты реформалауға қатысушы жан. Адам өміріне сенім, жанына үміт сыйлаған сіздері мерекемен құттықтаймын! – деген аудан әкімі Абат Шыныбеков осы салада еңбектеніп жүрген бір топ қызметкерге алғысхат табыстады.

         Сонымен қатар салтанатты шарада әлеуметтік сала қызметкерлеріне облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, облыстық және аудандық кәсіподақ ұйымы, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы атынан алғысхаттар берілді.

         Жиында әлеуметтік сала ардагерлерімен «Олардың жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» атты сыр сұхбат ұйымдастырылды.

IMG_0030 IMG_9927 IMG_9928

Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале