15.09.2020, 10:17
Оқылды: 36

Казталовта ашық аспан астында ойталқы ортаға салынды

Казталов ауданы орталығындағы «Достық» саябағында қоғамдық ұйым өкілдері бас қосып, ашық аспан астында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауын талқылады.

Ашык аспан астындагы ой талкы

Ақ жаулықты әжелер Жолдауда нақтыланған «Аңсаған сәби» бағдарламасы, зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда» әлемді жаулаған індеттің салдарынан орын алған денсаулық сақтау жүйесі мен білім беру саласындағы өзгерістерді назарға ала отырып, ой-талқы жүргізді.

Аналарымыз еліміздегі ахуалға бейжай қарамайтындарын, Жолдау аясында ерікті түрде халыққа қызмет қылатынын жеткізді.

Аудан көлеміндегі бірқатар мәселелер аналарымыздың назарынан тыс қалмайтыны да ескерілді.

 

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале