9.05.2025, 14:33
Оқылды: 266

Казталовта аталар рухына тағзым етті

9 мамыр күні аға ұрпақтың өшпес ерлігін ел жадында мәңгі сақтауға арналған қастерлі мереке. Биыл Ұлы Жеңіске 80 жыл толып отыр. Отанымыздың болашағы үшін қан майданда от кешкен ата-әжелеріміздің ерлігі мен тылдағы еңбегінің арқасында Жеңіс күнін тойлау бақыты бұйырды. Осынау қасиетті мереке күні Казталов ауданынның орталығында Ұлы Отан соғысына қатысып, қайсарлықтың хас үлгісін көрсеткен аталар рухына тағзым ету мақсатында шаралар өтті.

image-09-05-25-12-47-1

Аудан орталығында орналасқан «Жеңіс» саябағында Ұлы Отан соғысына қатысқан марқұмдар рухына арналып, Казталов аудандық мешітінің имамы Жандосбек Құсайынов құран бағыштап, дұға қылды. Саябаққа жиналған көпшілік жерлес ардагерлердің есімі жазылған композициялық тақтаға гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

image-09-05-25-12-47

Шараға қатысқан Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов, аудан әкімінің орынбасарлары, еңбек ардагерлері, мекеме, бөлім басшылары, соғыс ардагерлерінің ұрпақтары боздақтар рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

image-09-05-25-12-47
«Белгісіз солдат» ескерткішіне жиналған көпшілік үшін бір минут үнсіздік жарияланып, Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымыз бір сәт еске алынды. Тәрбиелік маңызы зор іс-шара «Белгісіз солдат» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен аяқталды.

image-09-05-25-12-47-2
Ұлы Жеңіс жолындағы әрбір ерлік іс бізге даңқты, ұмытылмас мұра. Отан үшін шайқастағы әкелер мен аналардың қаһармандық ерлігі мен тылдағы еңбектерін қазіргі ұрпақ біздер көңілге түйіп, жадымызда берік сақтаймыз.

Гүлнұр Бөлешова

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале