14.02.2026, 16:00
Оқылды: 9

Казталовта ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті

Кеше Казталов аудандық орталықтандырылған кітапханада «Ауған соғысы: естелік пен ерлік!» тақырыбында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Тағылымды шараға аудан әкімінің орынбасары Айдар Менеев, ауған соғысының ардагерлері Жанболат Жакашев, Есімжан Әлібеков, Темірбек Губашев, мекеме басшылары мен мектеп оқушылары қатысты.

image-13-02-26-10-03-3

15 ақпан – боздақтар рухына тағзым жасалатын қасиетті күн. 1979–1989 жылдары Ауғанстан жерінде жүргізілген соғыс – Отан үшін өз өмірін қауіпке тіккен ерлік пен батылдықтың айқын көрінісі болды. Бұл соғысқа қатысқан әрбір жауынгер – елге адалдықтың, намыс пен патриотизмнің символы. Көптеген боздақтарымыз жат жерде қаза тауып, елге оралғандарының жүрегінде мәңгілік жара қалды. Батырлардың ерлігі – жас ұрпаққа үлгі, тарихқа тағылым.

Кеш 1979–1989 жылдардағы Ауған соғысы туралы бейнебаян көрсетілімінен басталды. Ардагерлер сол бір сұрапыл жылдарды еске алып, толқыныстарын жасырмады.

Бұл кездесу – өткенді еске алу ғана емес, ардагерлерге құрмет көрсету, олардың ерлігін ұрпақ жадында сақтау мақсатында ұйымдастырылған тағылымды шара болды. Отан алдындағы парызын абыроймен өтеп, елге аман оралған ардагер ағаларымыз – қайсарлықтың, сабыр мен төзімнің символы. Олардың жүріп өткен жолы – бүгінгі ұрпаққа үлгі, ертеңгі елге өнеге.

Аудан әкімінің орынбасары Айдар Қазбекұлы ерлігімен ел жадында қалған ардагерлерге ізгі тілегін білдіріп, естелік сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар наурыз айында өтетін референдумның маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде ардагерлер елге деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, жат елде қыршыннан қиылған замандастарының ерлігін еске алды. Олар жасөспірімдерді әскерден қашпай, Отан алдындағы борыштарын өтеуге шақырып, болашақтарына ақ тілектерін арнады.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіп Шакуов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдана Мұханбетова, аудандық орталықтандырылған кітапхананың директоры Гүлдана Хамитова да ауған ардагерлеріне жылы лебіздерін білдіріп, Конституцияға енгізілген өзгерістерге байланысты өтетін референдум туралы пікірлерін жеткізді.

image-13-02-26-10-03-2

Мерекелік шара барысында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары рухты асқақтататын, жүректі тербетер әндерін орындап, кешке ерекше әсер сыйлады.

Мейірім Парасат

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале