Бүгін 27 шілде күні Казталов ауданының Көктерек ауылдық округінде орналасқан 5 сайлау учаскелерінде ауыл әкімінің сайлауы басталды.

Округ орталығындағы ауылдық мәдениет үйі ғимаратында орналасқан №261 сайлау учаскесінде еліміздің Мемлекеттік Гимні ойналып, сайлау комиссиясының мүшелері мен дауыс беруге жиналғандар көк туымызға қарап сап түзеді. Шараның ресми ашылу салтанатынан соң сайлау заңнамаларына сәйкес таңғы сағат 07:00-де дауыс беру басталды. Аталған сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген дауыс берушілер саны - 81 сайлаушыны құрайды.

Ауыл тұрғындары сайлауға ертемен келіп, үлкен белсенділік танытуда.
Дауыс беру барысын бақылауға аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің байқаушылары қатысуда.

Сондай-ақ Көктерек сайлау округі аумағындағы №257, №259, №260 сайлау учаскелерінде де сайлау науқанының ашылуы салтанатты түрде өткізіліп, сайлаушылардың дауыс беруі басталды.
Гүлнұр Бөлешова,
Казталов ауданы