Казталов мектеп-лицейінде орналасқан №220 сайлау учаскісіне 87 жастағы Хабибулла Азаматов ақсақал да бүгін аяқтай келіп, ел үшін маңызды таңдау жасады.
– Бүгін еліміз үшін үлкен саяси науқан өтіп жатыр. Бұл еліміздің тыныштығы мен бірлігін көрсетіп тұрғандай. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - деді ақсақал.
Гүлнұр Бөлешова
Казталов ауданы