21.03.2024, 11:35
Оқылды: 55

Казталовта ауыл қариялары мен аз қамтылған отбасылар құрметтелді

Жалпақтал ауылында тұратын аз қамтылған отбасылар мен жергілікті жердегі бір топ қариялар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлері тарапынан еліміз бойынша бекітілген «Наурызнама» онкүндігі аясында құрметке ие болып, бөлім басшылығы атынан Әз-Наурыз мейрамымен құттықталды.

3

Онда олар мемлекеттің қамқорлығын толық сезініп отырған жандарға қайырымдылық жасап, үйден арнайы әлеуметтік көмек алатын жалғызбасты қариялармен көрісіп шықты.

4

Жаңа жыл қарсаңында жағдайларын біліп, арнайы келіп көріскен және Әз-Наурыз мейрамымен құттықтаған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлеріне қариялар алғыс айтып, ақ батасын берді.

5,

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале