11.10.2024, 17:45
Оқылды: 139

Казталовта баспана кілті табысталды

Бүгін Бостандық ауылында тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға баспана кілті табысталып, төрт отбасы жаңа пәтердің иесі атанды.

462738827_1039199694882922_5701956786015299148_n

Салтанатты шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев және аудан әкімі Асланбек Сарқұлов қатысты.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, биылғы жылы аудан бойынша 28 елді мекенде үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арнап қос пәтерден 142 үй салынып, қолданысқа беріліп отыр.

Тұрғын үй құрылысын жүргізген мердігерлер – Максим Жукин және Асланбек Сармалаев.

Облыс әкімі баспанаға ие болған азаматтарды құттықтап, тұрғын үй кілтін салтанатты түрде табыс етті.

– Бүгін үлкен қуаныш. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен ауыл-аймақтарды дамыту бойынша ауылдық ағайындар баспаналы болуда. Жаңа пәтер иелерін бүгінгі қуаныштарымен құттықтаймын. Табалдырығын жаңа аттаған жаңа үйлеріңіз сіздерге берекелі, ырысы мол, жайлы баспана болсын, -деді өңір басшысы.
Баспана иелері мемлекеттік бағдарламаның ауданда жүзеге асуына ықпал еткен облыс басшылығына ризашылықтарын білдірді.

Асан Бөкенбаев, Бостандық ауылының тұрғыны:

- Мемлекет тарапынан тұрғын үй кезегінде тұрған жандарға баспана берілді. Енді міне өзіміздің таза, жылы, жарық шаңырағымыз бар. Барлық жағдай жасалған. 6 баланың әкесімін. Үйімізде балаларым алаңсыз, асыр салып ойнайтын болады. Бұның өзі мен үшін зор бақыт! Мен сияқты кезекте тұрған отбасыларға жұғысты болсын, - деді.

Әсем Болат

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале