12.02.2025, 23:00
Оқылды: 585

Казталовта білім жетістіктерін саралаған кеңес өтті

Бүгін аудан орталығындағы Алма Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Жангерееваның төрағалығымен Казталов ауданының білім беру бөлімінің кеңейтілген кеңесі өтті.

image-12-02-25-06-59-1

Жиынға Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов, Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин, Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы әдістемелік орталығының директоры Гүлмира Кубашева, аудандық маслихат төрағасы Сәрсенбай Молдашев, аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев, Казталов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Талғат Хайдаров, Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялық колледжінің директоры Жасұлан Ғұмаров, аудандық білім беру ұйымдарының басшылары, білім беру бөлімінің мамандары мен әдіскерлері қатысты.

Кеңесте күн тәртібіндегі білім беру саласындағы атқарылған жұмыстар жөнінде аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Қанапияқызы, білім беру ұйымдарының санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу жұмыстары туралы Казталов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Талғат Қалиханұлы, Білім сапасын арттыру бағытындағы мониторинг жөнінде Асыл Кенжеғалиева, Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялық колледжінің жұмысы туралы Жасұлан Неғметұлы баяндама жасады.
Казталов ауданы бойынша білім беру ұйымдарының жұмысына қысқаша тоқталсақ, 2025 жылы білім саласының жалпы бюджеті 11 млрд. 625 млн. теңгені құраған. Ауданымызда орта білім беретін 35 мектеп болса, сол білім ордаларында 5329 оқушы білім алуда. Мектепке дейінгі 40 ұйымда 1617 бала тәрбиеленуде. Педагогикалық кадр саны — 1337. Кадр тапшылығы 29 ұстаз. Педагоктардың сапалық құрамы 40 пайызды құрайды. Қосымша білім беру ұйымдарында 2898 оқушы оқиды. Ауданда 7 білім нысаны «апатты немесе апат алдында» деп танылған. Ыстық тамақпен 2712 оқушы қамтылуда.
Кеңеске қатысқан Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының басшысы Елдос Набиоллаұлы, аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы сөз сөйлеп, мектеп директорларының жауапкершілігі, білім сапасын арттыру, саладағы жұмысты жүйелендіру, баспасөзге жазылу, ұстаздардың қоғамдағы орыны мен жауапкершілігі хақында өз ойыларымен бөлісті.
Кеңейтілген кеңесте мектеп оқушыларын кәсіби мамандықтарға тарту жұмысы, білім сапасын арттырға бағытталған ұсыныстар мен тапсырмалар, білім беру ұйымдарындағы апатты мектептердің жағдайы талқыланды. Әсіресе, ауданда «апатты» деп танылған білім ордалары мен Жалпақтал аграрлық және салалық колледжінің жатақханасын жаңадан салу мәселесі айтылды.
image-12-02-25-06-59
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, ұсынылған мәселелер бойынша білім беру ұйымдарының басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді.

Гүлнұр Бөлешова
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале