27.12.2024, 0:00
Оқылды: 34

Казталовта бөгеттерді биіктету жұмыстары жүріп жатыр

Казталов ауданы орталығындағы Қарасу тоғанының жағалары тайыз болғандықтан көктем мезгілінде су тасып, ауыл тұрғындарына қауіп төндіреді. Бүгінде тасқыннан қорғану мақсатында жағалауларды биіктету жұмыстары жүргізілуде.

image-26-12-24-10-40-1

Соған байланысты аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен 10 млн қаражат бөлініп, конкурс жарияланды. Конкурстың нәтижесінде Казталов ауданы мемлекеттік коммуналдық шаруашылық кәсіпорны 9 млн 22 мың қаражатты ұтып алды. Жалпы ұзындығы 5,32 шақырым болатын 3 учаскенің биіктігі 1,20-1,5 метрге дейін көтеру жұмыстары жүргізілуде.
Бөгеттерді көтеру кезінде көктемгі су тасқынының ерекшеліктерін ескере отырып, мамандардың есебі бойынша топырақтар төселіп жатыр.
image-26-12-24-10-40
- Бөгеттерді биіктету жұмыстарына 2 ауыр жүк көлігі, 1 фронтальдық тиегіш, 1 экскаватор, 1 тіркеме жұмылдырылып, 5 адам жұмыспен қамтылды. Тапсырыс беруші Казталов ауылдық округ әкімі аппараты. Құрылыс жұмыстарына қажетті материалдар мен қаражат жеткілікті. Ж.Жабаев көшесі бойындағы 165 метр тоғанның жағалауы сумен желініп, автомобиль жол желісінің бұзылу қаупі бар. С.Садықов көшесі бойындағы темір көпір іргесінде 30 метр тоғанның жағалауы төмен, су деңгейі көтерілген жағдайда ауыл ішіне су кіру қаупі бар. Х.Жақып көшесі бойындағы «Чапаев» атындағы саябақ артында орналасқан 282 метр тоғанның жағалауы төмен, су деңгейі көтерілген жағдайда ауыл ішіне су кіру қаупі бар. Қ.Имашев көшесі бойындағы «Бірінші» көпір маңында орналасқан жалпы ұзындығы 55 метр (20 метр, 15 метр және 20 метр) 3 учаске жағалауы төмен, су деңгейі көтерілген жағдайда ауыл ішіне су кіру қаупі бар жерлердегі бөгеттердің биіктігін көтеріп, топырақ үйіп жатырмыз. Қазір ауа райының қолайсыздығына байланысты жұмыстар тоқтап тұр. Дегенмен қолға алған жұмыстарымызды жалғастыратын боламыз, - деді мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын директоры Сергей Тоқпанов.

Гүлнұр Бөлешова
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале