8.02.2025, 11:00
Оқылды: 373

Казталовта Дүниежүзілік сайлау күнін қорытындылаған салтанатты шара өтті

Еліміз бойынша Дүниежүзілік сайлау күні кеңінен аталып өтуде. Қазақстандағы сайлау республика азаматының өзінің сайлау және сайлану құқықтарын еркін жүзеге асыруға негізделген. Президентті, Мәжіліс және мәслихат депутаттарын, аудан, қала, ауыл әкімдерін және жергілікті езін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау дауыс берудің құпиялылығы сақталып, жалпыға бірдей төте сайлау құқығы негізінде өткізіледі. Қазақстанда жаңа сайлау жүйесінің еңгізілуі қоғамның саяси жүйесін одан әрі демократияландыруға едәуір ықпалын тигізді.

IMG20250207152824

Казталов ауданы бойынша да осы кезге дейін 15 округте ауыл әкімдері халықпен тікелей сайланды. Жаңа форматта ұйымдастырылған саяси науқан тиім­ді­лігін дәлелдеді. Әлем елдерінде аталып өтілетін Дүниежүзілік сайлау күніне орай біздің ауданымызда да іс-шаралар жоспары жасақталып, Казталов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен түрлі форматта өтті.

Кеше Казталов аудандық мәдениет үйінде Дүниежүзілік сайлау күні қорытындыланып, салтанатты шара ұйымдастырылды.
Салтанатты шарада сахна төріне шыққан Казталов ауданы әкімі аппапатының басшысы Нұрсұлтан Каримоллаұлы жиналған көпшілікті айтулы мерекемен құттықтап, бір топ учаскелік сайлау комиссияларының төрағаларына Казталов ауданының әкімі Аслан Сарқұловтың алғыс хаты мен Батыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Жоламановтың алғысхатын табыстады.

IMG20250207154413
Шарада Казталов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанболат Темірғалиев құттықтау тілегін жеткізіп, референдум мен сайлауларды ұйымдастыру, өткізуге үлес қосқан округ әкімдерін, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін Казталов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ Жанболат Серікқалиұлы бүгін оздырылған «Көңілді эстафета» спорттық сайысында жүлделі орын алған командаларды марапаттады. Атап айтсақ, «Ең үздік топ жетекшісі» аталымына Мейірбек Дауытов, «Ең белсенді қатысушы» аталымына Дархан Қаратаев, «Ардагер спортшы» аталымына Жансерік Өтеғалиев, «Бірлігі жарасқан топ» аталымына Жалпақтал ауылдық округінің «Ынтымақ» тобы ие болды. Жарысқа қатысқан командалар арасынан үздік болған Ақпәтер ауылдық округінің «Ақпәтер» командасы ІІІ орын, Талдыапан ауылдық округінің «Ұшқын» командасы ІІ орын, Казталов ауылдық округінің «Намыс» командасы І орын алып, медальдар мен ақшалай сыйлықтарды еншіледі. Жарысқа қатысып, белсенділік танытқан командалар да құр алақан кетпей, ынталандыру сыйлықтарын алды.

IMG20250207155755
Салтанатты шара соңы аудандағы учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері дайындаған мерекелік концертке ұласты.

Нұр Рахман

Казталов ауданы
--

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале