Қазталов ауданының полиция бөлімі және «Охотзоопром» мекемесінің қызметкерлері 1-30 сәуір аралығында республикалық «Киік» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде.
Шара барысында бүгін сағат 07:10 шамасында БҚО Казталов ауданы, Бірік ауылдық округіне қарасты «Қалабай» қыстағының маңында «Нива-Шевроле» көлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде көліктегі 2 адамнан киіктің мүйіздері және пышақ, ара, оқ, аңшы қаруы табылды.
Бұл факті бойынша Қазталов аудандық полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде.
Гүлнұр Қазбек,
Қазталов ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер