17.08.2024, 12:00
Оқылды: 82

Казталовта ел тыныштығын күзеткен шекарашылар күні аталып өтті

Кеше Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов 18 тамыз – Шекарашылар күніне орай "Қосөзен" шекара бөлімшесінің құрамын қабылдады. 

image-17-08-24-09-35

1992 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасының Жарлығымен, ҰҚК Шекара қызметі құрылды. Тәуелсіз еліміздің шекарасын кірпік қақпай күзетіп, кез келген күмәнді оқиғаны қалт жібермей, қатаң түрде бақылап жүрген шекарашыларға биыл 32 жыл толып отыр.

- Сіздерді «Шекарашылар күні» кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Шекара егемендігіміздің тұтастығының кепілі. Отанымыздың берік қалқаны. «Туған жердің шекара шебінде жүру әркімге бұйырмайтын бақ» дейді дана халқымыз. Шекарашыларымыз шыдамдылық пен отансүйгіштік, алғырлық пен жауапкершілік сынды қасиеттерді бойға сіңіріп, еліміздің тыныштығы мен бейбітшілікті қамтамасыз етуде. Сіздерге ұлттық қауіпсіздігімізді қамтамасыз етіп, мемлекеттік шекарамызды қорғаудағы қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Сіздердің қиын да абыройлы, жауапкершілігі мол жұмыстарыңызға табыс, зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін!, - деді сөзінде аудан басшысы.

image-17-08-24-09-35-1

Аудан әкімі ел тыныштығын күзеткен шекарашыларға алғысхат пен естелік сыйлық табыстаса, Казталов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Біржан Ерсайынұлы "Қосөзен" шекара бөлімше құрамының басшысы аға лейтенат Жандос Кинадинге алғысхат пен естелік сыйлығын табыстады. Өз кезегінде "Қосөзен" шекара бөлімшесінің басшысы аға лейтенат Жандос Кинадинде мереке қарсаңында қабылдау жасаған аудан басшысына алғысын білдірді.

image-17-08-24-09-35-2

Гүлнұр Сәуірғалиқызы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале