8.03.2025, 12:53
Оқылды: 161

Казталовта еңбек ардагерін айтулы мерекемен құттықтады

Казталов ауданында тылда еңбек етіп, ер азаматтардың өзіне оңай соқпайтын қызметтерді атқарған аналардың қатары жыл санап сиреп барады. Солардың қатарында Бәтима Айтқалиева әжемізді айтуға болады.

IMG-20250308-WA0025
Халықаралық аналар мейрамы қарсаңында Казталов ауданы әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев пен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдана Мұхамбетова Бәтима әжеміздің шаңырағында болып, аудан әкімінің құттықтау тілегін жеткізді. Көпті көрген ана қонақтарға алғысын жаудырып, елдің тыныштығын тіледі.

Батима Айтқалиева әжей тылда қызмет жасаған еңбек ардагері. 1942 жылдары Ресейдің Астрахань облысында 14 жасынан кеңшарға жұмысқа жолданған. Ол 18 жасқа толғанда гипс зауытына жұмысқа шығып, сол салада 1964 жылға дейін қызмет атқарған. 1964 жылы Қазақстанға көшіп келген. 1964-1973 жылдары Жалпақталдағы аудандық ауруханасында кіші қызметкер, 1973-1990 жылдары Сельхозда К-700 тракторының моторын жуған, қоғамдық монша жаққан. Әжеміз — ағыз еңбек адамы. Бүгінде екі ұлынан тараған ұрпақтарынан немере, жиен, шөбере сүйіп отырған бақытты әже.

Нұр Рахман
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале