Бүгін Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан еңбек ардагері Сабырғали Қайбалиевті қабылдап, мерейлі 70 жасымен құттықтады.
Сабырғали Қайбалиұлы саналы ғұмырын ауыл шаруашылығы саласына арнап, еңбек жолын 1972 жылы Жұлдыз кеңшарында қарапайым жұмысшыдан бастаған. 1978 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын зоо-инженер мамандығы бойынша бітірген. 1978-1996 жылдар аралығында Жұлдыз, Көктерек кеңшарларында зоотехник, бас зоотехник болып қызмет атқарған. Ал 1996 жылдан мемлекеттік қызметке бет бұрып, Көктерек ауылдық округінің әкімі, Қарасу, Көктерек ауылдық окугітері әкімі аппаратында жетекші маман, бас маман болып жұмыс жасады. 2018 жылы құрметті демалысқа шыққан.
Қабылдауда Асланбек Ахметоллаұлы туған күн иесіне жылы лебізін білдіріп, иығына шапан жауып, алғысхат табыстады. Мерейтой иесі шынайы ықыласын білдіріп, қабылдаған аудан басшысына алғысын білдірді.
Нұр Рахман
Казталов ауданы