15.03.2025, 10:30
Оқылды: 28

Казталовта еңбек ардагеріне Наурыз қоржыны табысталды

Наурыз — қазақ халқының көнеден келе жатқан ұлттық мейрамы. Наурыз айында тек бір-бірімен сәлемдесіп, амандық сұрасу ғана емес, ата-бабадан қалған рухани байланыстарды нығайтатын ерекше дәстүр. Сонымен қатар Наурыз айында қайырымдылық жасауды да жақсы үрдіске айналуда. Наурызнаманың екінші күні сол қайырымдылық жасап, сауап жинауға арналады.

photo-output
Казталов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Сәкен Ищанов бастаған ұжым Казталов ауылының байырғы тұрғыны, тыл және еңбек ардагері Валентина Уварованың шаңырағына барып, қариямен көрісіп, Наурыз қоржынын ұсынды. Әжеміз тоқсанды еңсеріп тастаса да әлі тың көрінеді. Үйіне іздеп келген қонақтарға ризашылығын білдірген әжей: «Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!» деген ақ батасын берді.
Қазталов ауылы сан ұлттардың тату-тәтті мекені болып келді. Осыдан жарты ғасыр бұрын аудан орталығында түрлі ұлт өкілдері тұрды. Иә, қазіргі күнде түрлі себептермен бұл ұлт өкілдерінің пайыздық көрсеткіштері төмендегені шындық. Дегенмен әлі де қазақ болып кеткен басқа ұлттың ағайындары бақытты өмір сүруде. Соның бірі — Валентина Уварова апамыз. Қазақша сөйлеп кеткенде шүлдірлеп сөйлейтін шала қазақтарды орта жолда қалдыратын апамызды ауыл тік тұрып құрметтейді десек, артық емес. Тіпті апамыз ауылда ата-анасынан айырылған қазақ балаларына өкіл ана болып, оларды ер жеткізгенін де білеміз.

Нұр Рахман
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале