14.03.2025, 22:00
Оқылды: 100

Казталовта еңбек ардагерлерін Көрісу күні мейрамымен құттықтады

Бүгін Казталов ауданы әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев Жаңажол, Жалпақтал ауылдық округтерінде іссапарда болып, «Көрісу мерекесі» күніне орай еңбек ардагерлерінің үйлеріне барды.

IMG-20250314-WA0151

Құрметті ардагерлерге аудан әкімі Асланбек Сарқұловтың арнайы сәлемдемесін жеткізген Серік Ерболатұлы оларды атаулы мерекемен қызу құттықтап, қол алысып көрісіп шықты.

IMG-20250314-WA0156

Бабалар салтын ескеріп Жаңа жыл тұсында көрісуге келген қадірлі меймандарға риза болған еңбек ардагерлері ақ баталарын берді.

IMG-20250314-WA0150

IMG-20250314-WA0149

Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале