Қазталов аудандық орталық балалар-жөсөспірімдер спорт мектебінде еркін күрестен 2007-2008, 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы аудандық ашық біріншіліктің ашылу салтанаты өтті.

- Елбасы Н.Назарбаев дене шынықтыру мен спортты дамытуға айрықша көңіл бөлу қажеттілігін жолдауларда айтып келді. Егеменді еліміз дамыған, денсаулығы мықты, саламатты өмір салтын мұрат тұтқан жеке тұлғаларды тәрбиелеп келеді. Бұл шара жастарымыздың спортқа деген қызығушылығын арттыра түседі деп ойлаймын. Спортшыларға сәттілік, төрешілерге әділдік тілеймін, -деді ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова.
Жарыстың бас төрешісі Баймұрат Абдрахманов та спортшыларға сәттілік тіледі.
Аудандық ашық біріншілікке Орал қаласынан, Ақжайық, Бөрлі, Тасқала, Қазталов аудандарынан командалар қатысуда.
Гауһар Әділжан
Қазталов ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер