5.02.2026, 15:00
Оқылды: 12

Казталовта «Halyq zañgeri» республикалық әлеуметтік акциясы өтті

Казталов ауданында «HALYQ ZAÑGERI» республикалық әлеуметтік акциясы өтті. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, тұрғындардың әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерін заң аясында шешуге ықпал ету.

FB_IMG_1770270400575

Акция аясында аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, аудан прокуроры Ерлан Гайпов, аудан әкімінің орынбасары, сондай-ақ дербес бөлім басшылары аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан жұмысқа орналасу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау, өзге де тұрмысқа қатысты мәселелер көтерілді.

FB_IMG_1770270398279

Аудан басшысы әрбір өтініш пен ұсынысқа жеке-жеке тоқталып, заң талаптарына сәйкес нақты түсіндірмелер берді. Көтерілген мәселелердің бірқатары сол жерде шешімін тапса, қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер тиісті салалық бөлімдерге жолданып, бақылауға алынды. Аудан прокуроры тұрғындарға құқықтық кеңес беріп, заңнамалық нормалар бойынша жан-жақты ақпарат ұсынды.

FB_IMG_1770270403143

Әлеуметтік акция әлеуметтік акциялар халық пен билік арасындағы ашық диалогты нығайтады.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале