2.03.2025, 7:37
Оқылды: 272

Казталовта Қайыңды ауылы әкімін сайлау басталды

Бүгін Казталов ауданының Қайыңды ауылдық округінде орналасқан №238 сайлау учаскесінде ауыл әкімінің сайлауы басталды.

IMG-20250302-WA0006

Өткен жылы жаңадан салынып, пайдалануға берілген ауылдық мәдениет үйі ғимаратында орналасқан сайлау учаскесінде еліміздің Мемлекеттік Гимні ойналып, сайлау комиссиясының мүшелері мен дауыс беруге жиналғандар көк туымызға қарап сап түзеді. Содан соң сайлау заңнамаларына сәйкес таңғы сағат 07:00-де дауыс беру басталды. Округ бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген дауыс берушілер саны — 546 адамды құрайды. Ауыл тұрғындары сайлауға ертемен келіп, үлкен белсенділік танытуда.

IMG-20250302-WA0007
Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Гүлфайруз Бакеш сайлауға ұлымен келіп, өз таңдауын жасаған алғашқы сайлаушы, өзге ұлт өкілі Алина Федорқызы Панасқа естелік сыйлық табыс етті.

Нұр Рахман
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале